Текст песни
мен саған алғаш түскен
көзімді аламын
Ғашық боп салған ессіз сөзімді алам
Өзге жан жүрегімді емдеп алады кері
Уақыт өтеді зымырап
Мен сол кезде болмаймын сенің жаныңда
Бекерден бекер салынбашы уайымға
Бағалай алмадың, мені сен барымда сенің жаныңда
Оралғаннан не пайда
саған жақын адам болалмасам
Сағынғаннан не пайда
Жаныңа сенің баралмасамз
Оралғаннан не пайда
саған жақын адам саналмасам
Сағынғаннан не пайда
Жаныңа сенің баралмасам
Сенсің күн де
Сенсің ай да
Бара алам мен сенсіз қайда
Теңсің маған
Сені берген
Алғыс айтам мен Құдайға
Сенен табам тыныштықты
сол жақ тұсым ауырғанда
Сенен сезем тым ыстықты
сезімдеріміз суығанда
Оралғаннан не пайда
саған жақын адам болалмасам
Сағынғаннан не пайда
Жаныңа сенің баралмасам
Оралғаннан не пайда
саған жақын адам саналмасам
Сағынғаннан не пайда
Жаныңа сенің баралмасам