Текст песни
Санаңды сан гүлдер түндей арбамайды,
Өзіңмен атырсам күнде таңда арайлы.
Сөзің жанға жайлы,
Көзің алдамайды,
Жүрегім өзгені мүлде таңдамайды!
Ғаламың ғажайып ғаламшар гүл бағы,
Тыңдашы кеудемді сүйем деп тынбады,
Жаным-ай жалындай жүректің ырғағы!
Анда санда,
Сүйемін деші алдасаң да,
Басқа бақытты таңдасаң да,
Қасымда менің қалмасаң да…
Арбасаң да,
Қанатымдайсың самғасам да,
Қазіргі күнің бал ма сонда!?
“Келем” деп айтшы анда санда!
Бақытты етемін күнім алаң болма,
Бағалым биіксің нұрлы бағаң барда!
Естен танбасаң да,
Келші анда-санда
Өмірді арнаймын гүлім саған ғана!
Күлімдеп, күнім деп жаныма келші айым,
Өзіңсіз өтті ғой қанша күн қанша айым!
Жүректің патшасы іздейді ханшайым!
Анда санда,
Сүйемін деші алдасаң да,
Басқа бақытты таңдасаң да,
Қасымда менің қалмасаң да…
Арбасаң да,
Қанатымдайсың самғасам да,
Қазіргі күнің бал ма сонда!?
“Келем” деп айтшы анда санда!