Текст песни
Жаратқан өмір берші анашыма,
Көзінің жас тұнбасын шарасына
Көрмейтін бойындағы кемшілігін
Әр ана ессіз ғашық баласына
Ең жақын жанашырым Ардақты ана
Мінезі қорғасындай салмақты ана
Астынан табаныңның кілтін алып
Өзіңмен бірге кірсем жәннатқа да
Жанымда жүз жасаған анам болса
Үлкейіп келе жатыр амал қанша
Әжімі айтып қояр бетіндегі
Бейнетін жасырғанмен адам қанша