Перейти к содержимому
Обложка трека Есімнен кетпейсің — Aigerim Mamyrova
3:39

Трек

Aigerim Mamyrova Есімнен кетпейсің

Сингл · 2020 · Поп

Скачать

Текст песни

Саған ән арнайын деп ақ қанатты,
Тағыда шимайладым ақ парақты.
Сені ойлап жұлдызды түн құшағында,
Тағы бір ақ тамақты ақ таң атты.

Назды үнің ән боп кейде, жыр боп кейде,
Есімнен бір кетпейді, бір кетпейді.
Мендегі сағынышты бейнелеуге,
Дәриға-ай тіл жетпейді тіл жетпейді.

Жаным-ау! білесің бе, бұл жүрегім,
Сан өрді сағыныштан мұң жібегін.
Айланып келіп тұрған, бейне сендей,
Ай қағып тереземді тұрды менің.

Алауы тәтті үмітім тек өшпеді,
Оны да өзің жаққан емес пе едің.
Ашылса күнделіктің парақтары,
Сен жаққа жетелейді елес мені.

0:00 0:00