Текст песни
Азабыңба, бұл сенің мазағыңба
Ғашықтарға сыйлаған тозағыңба
Қанжардай боп қадалған от кеудеме
О, маxаббат сенсіз жыр жаза алам ба?!
Бір мұң бар тілгілеген жүрегімді
Қақ жарған сенің бейнең күндей нұрлы
Есіміңнен бой тұмар жасап алдым
Тал бесіктей тербетіп әнмен жырды
Жыр тасқыны жанымды жазалайды
Арман болған бір ой кеп мазалайды
Қайтсем ғана арылам бұл күйімнен
Сүйе тұрып сүйе алмау таза қайғы