Текст песни
Құлпырған бақшамдағы гүлім сен едің,
Сезімнің мен өзіңе нұрын себемін,
Жаныма жылу берген асыл жарым -әй,
Көзіңнен махаббаттың сырын сеземін.
Жәйдарлы мінезің бар күліп тұратын ,
мұңымды басымдағы ұмыттырасың.
Жүз қызға өлең арнап ән шығарсамда,
Жан-жарым барлығыннан биік тұрасің.
Өзіңмен атып жатыр дара таңдарым,
Жемісі махаббаттың балапандарым.
Мен сені өкпелеткен күнім болсада,
Бойыңда тектілік бар аласармадың.
Адамдық сын сағатта анықталады,
Адалдық шын бахытқа алып барады.
Екі Өмір берілседе жалғыз жүрек бар,
Өзіңсің сол жүректің анық қалауы .