Текст песни
Бір әнді сатып алдым құнан нарға,
Берейін керек десең құмарларға.
Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайды
Жас келіп қартайған соң амал барма.
Қара нар жүк көтермейді бел кеткен соң,
Eн дала құлазиды ел кеткен соң.
Сүйреткен боз жорғаның шылбырындай,
Қылаңға сөз ереді бой жеткен соң.
Қолыма ұстағаным қу қарағай,
Дауысым саған не болды сырғанамай!
Күлмейін, ойнамайын десең дағы,
Дүние өтіп барады бір қарамай