Текст песни
Жыланды менің ауылым,
Көрмесем сені жаным мұң..
Кең байтақ туып өскен жер,
Қасиеттім, қадірлім..
Таусылмайтын төзімім,
Алаулаған сезімім,
Шексіз саған ауылым,
Қуанышы көзімнің.
Құдай нұрын, төккен жер,
Нұрға адамдар бөккен жер,
Бала шағым, өткен жер,
Жыланды менің,
Жыланды менің ауылым
Құлағымда тұр әлі,
Сарқыраған бұлағың,
Жер жетпейді өзіңе,
Сарқылмас саған жыр-әнім..
Сүйеді сені жүрегім,
Жүрегімнің нұры едің,
Бұл жанымның бір емін,
Табатын жалғыз ауылым.