Текст песни
Жүрегімде өшпейтін сағыныш бар
Тұрғандайын таң күліп,
Махаббатқа мәңгілік
Жаным құштар Арман ай.
Үміт оты жанған Арман ай
Гүл жайнаған өмірім
Саған деген көңілім,
Алып ұшқан Арман ай
Жүрек сырын тыңдар екен
Қандай адам жалған ай,
Түсінетін сенен басқа
Кім бар екен арман ай.
Алыс кетсең сен менен алаңдаймын
Сенде маған алаңдап
Үміт оты алаулап,
Жанар қайтып Арман ай
Бақыт құсы қонбады ай арман ай
Жүрегі бір жаны бір
Өзіңдей жан бәрібір
Таба алмадым арман ай.