Текст песни
Өзің білші ұрсасың ба? аһ ұрсаң,
Жарар еді сен қасымда отырсаң.
Қарсылығың жоқ шығар деп ойлаймын,
Бір шыныаяқ шәй ішуге шақырсам.
Бақ берер ме нестейді екен пешенем,
Сеніменен көгерер ме көсегем.
Қара шайға сезім қосып ішсем ғой,
Сен шай ішкен бір шыныаяқ кеседен.
Тым болмаса бір мүмкіндік берсеңіз,
Сыр алдырып сұхбаттасып көрсеңіз.
Бір болудың қамын бастар едік қой,
Бір шынаяқ шәй ішуге келсеңсіз.