Обложка трека Достық жыры — Бек Саурхан
3:33

Бек Саурхан Достық жыры

Сингл · 2023

Скачать

Текст песни

Адалдықтан айнымай арды ойлаған
Араласар ортасын таңдайды адам
Таныстарың жақсы ғой досқа айналса
Дос танысқа айналса қандай жаман
Достық деген - сырлас жан табылғаны
Жолдасы үшін жанының ауырғаны.
Жаратқаннан жақсылық тілеп жүрген
Жақсыларды құрметте жаныңдағы
Біреу досым жоқ дейді,
Біреу досым көп дейді.
Көңілдерін қалдырма
Достар көптік етпейді
Жау келсе де жаныңнан,
Жанашырың кетпейді,
Бұл дүниеде барлығы
Сыйластыққа жетпейді
Өткен күндер алысқа жырақтайды,
Адалдықтың туын ол құлатпайды.
Дос жылатып айтқанмен, шынайы дос,
Сені ешқашан өмірде жылатпайды
Шаттық әнін шырқасын қосылып ел,
Жақсы адамдар жақсының досымын дер.
Қуанышын сезейік әрбір сәттің,
Қайта айналып келмейді осы күндер.

0:00 0:00