Текст песни
Сан-Данышпан – Жандар өткен,
Асыл-Текті – Ақ-Сүйек!
Иен-Жұртына – Бағдар еткен:
Тартқызбауды – Тақсырет
Хандар өткен – небір Дана.
АлтынөТақты – Бақ-Талан!
Нәтижесі – Өмір-Нама:
«Шұбырынды-Ақтабан»!
Нар тұншыққан, Жан-Қазағым,
Көзден аққан жасыңа:
Тартпай өткен бар ма азабың,
Бодан-Күйлі Басыңа?!
Қасірет-Қайғы – шеге-шеге,
Сау жерің жоқ – Жарадан!
Өңкей – Будан... Неге, неге-
Хан шықпаған Қарадан?!
Зайыр-Түбім: Күл-Тегінім,
Білге-Қаһан- Тоныкөк...
Содан-Бергі – Жыр-Телімім:
Керейім мен Жәнібек.
Қасым-Ханым – «Қасқа жолды»,
«Ескі жолды» - Есімім.
Хақ-Назарым, Қабылан-Жонды-
Ыңғай – Төре-Нәсілім...
Данқын жайған – Дараланып:
Әбіл-Хайыр, Абылай...
...Қарашымды – Қара-Халық,
Жарылқай бер, А, Құдай?!
Өзің – қолдап, Қамсыз-Қазақ –
Әлемді естен таңдырып:
Міне, Бүгін, Хансыз, Ғажап –
Еліне айналмақ – «Мәңгілік»...
Оян, Қазақ,
Тұр – Орныңнан,
Көз сал – Тылсым-Ғаламға:
Атаң-Қазақ –
Ұран-Қылған,
Айнал – «Алтын адамға»...