Текст песни
Жаным өзіме келдім мен бүгін
Арайланып жарық күнім
Жайқалады қайта сезім гүлім
Бәрінен жеңілдеп миым
Оралды бақытты көңіл-күйім
Жаным сағынды осы тәтті күйін аңсаған,
Қайтадан қалпына келді бұл ой санам.
Осы бір бақытты кезіме тамсанам,
Тыныштығым келді маған.
Жалғыз өмірге жаңа өң бердім
Өнерімді ала келдім
Махаббатпен бар жанымды бердім
Бәрінен жеңілдеп миым
Оралды бақытты көңіл-күйім
Жаным сағынды осы тәтті күйін аңсаған,
Қайтадан қалпына келді бұл ой санам.
Осы бір бақытты кезіме тамсанам,
Тыныштығым келді маған.