Текст песни
Қылықтым, бағым, сүйемін өзіңді
Сені ойлап, жаным, таусылды төзімім
Өзіңе, жаным, арнадым әнімді
Өшпейді, жаным, өзіңе сезімім
Сен — қылықтым, қылықтым, қылықтым, қылықтым
Сезімге бөлеп, аяқ асты жолықтың
Сенсіз өмір бекер маған, соны ұқтым мен
Жаным, айдай әсем қылықтым өзіңмен
Шуақ шашып мөлдір, нұрлы көзіңмен
Баурап алдың нұр жайнаған жүзіңмен
Сенің айдай әсем сұлу жүзіңе
Ғашық болдым мөлдір қара көзіңе
Құлай сүйдім сені нәзік сезіммен
Бір болсам деймін мәңгі өзіңмен
Жарығым менің, айдайым, сұлуым
Жетпей жүр маған да сенің жылуың
Өзіңді, жаным, аңсаймын ойлана
Бақыт қой маған да сенің күлуің
Қылықтым, бағым, сүйемін өзіңді
Сені ойлап, жаным, таусылды төзімім
Өзіңе, жаным, арнадым әнімді
Өшпейді, жаным, өзіңе сезімім