Текст песни
Таппай жүрем
Сенікіндей сезімдердің тазасын
Айтпай жүрем
Жүрегімде қалып қалған жарасың
Батпай жүрем
Тар сезіліп адамдардың арасы
Жақпай жүрем
Бар ма өзі бұл өмірдің дауасы
Ұмыттым деп алдасам да
Өзімді-өзім қарамасам да
Еске салып анда-санда
Сағынып жүрем
Бірге бола алмасаң да
Басқа жанды таңдасаң да
Еске салып анда-санда
Сағынып жүрем
Керегі жоқ мазалап барады сансыз ойлар
Бағытсыз бара жатамын, көлдің жиегін бойлап
Екеуміз қиялданып, жүрген кездерді ойнап
Қайтару мүмкін емес, бәрін жоғалтып қойғам
Екеуміз үй болдық
Жанымызда балдар
Деп айтсам мені, жаным
Қолдарымнан ұстап
«Бұйырса» деуші едің
Осы қиялдар қазір
Маған арман
Таппай жүрем
Махаббаттың бал дәмін татпай жүрем
Түні-күні көзімді қақпай жүрем
Таппай жүрем
Сендейді, жаным
Менің махаббатымOriginal Soundtrack к фильму "Почти Мачо"