Обложка трека Асыл арман — Erke Esmahan
4:18

Erke Esmahan Асыл арман

Сингл · 2024

Скачать

Текст песни

Өмірдің жаз бен көктемі
Тағдырдың талай жанды құлатқан өткелі
Жасырта қойған жоқ мені
Жаныма демеу болған арманым бар көктегі
Барымды соған арнадым
Жолдарға жолдар жылдарға жыл тағы жалғадым
Соңынан құс боп самғадым
Жеткізер бір күн білемін мен сол бір арманым
Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыламын
Жолында өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман
Арманым жүрек тұрағы
Қажыр мен қайрат ол ақ қанат пырағы
Үміттің сенім шырағы
Жетелеп мені әрқашан алға – деп тұрады
Мұнартып оң мен солына
Түссе де тұман болмайды тек осал болуға
Күдіктің түспей торына
Ақ құсым келіп қонар бір күн менің қолыма
Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыламын
Жолында өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман

0:00 0:00