Обложка трека Еркем-ай — Erke Esmahan
3:05

Erke Esmahan Еркем-ай

Сингл · 2024

Скачать

Текст песни

Тойым тойға ұлассын
Салған әнім қыр ассын
Әнін берген Еркеге
Бағын берсін Күләштің
Атылмасын шалқайсам
Марапатқа марқайсам
Әнші жаман апамдай
Әнімді айтып қартайсам
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай
Аналардай нұрлансам
Ізгілерден үлгі алсам
Жазтандайы Қазақтың
Роза апамдай гүл болсам
Мейірін ел асырған
Ақ Баяны масылдан
Мәдина апама еліктедім жасымнан
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай
Қызығардай қыр гүлі
Сүйсінердей күн нұры
Бейбігүлдей бағының
Болсам шіркін бұлбұлы
Ерке қыздың сенері
Қазақ деген ел еді
Мақпал апам секілді
Ерке болғым келеді
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай
Жауhазындай жас күнім
Махаббатқа мас күнім
Қарақаттай қазақтың
Тұмар етсем дәстүрін
Шаршап келді таянбай
Ару қызы Баяндай
Өнер үшін ән үшін
Тер төгемін аянбай

0:00 0:00