Текст песни
Мектеп… мектепке , әкелген әкем қолдан жетектеп,
Есейдік оң мен солды ажыратып сол бір жерде,
Көйлек шалбарымды киіп анам берген үтіктеп,
Сондағы уайым күнделіктегі бағаны реттеу…
Бірақ саған ғашық болатын сезімді мен күтпедім,
Қағаздан жасалған ұшағым саған қарай беттеді,
Балалық махаббатым ол кезде әлі зардап шекпеді,
Сондықтан сабақты ысырып мен сені зерттедім…
Бізді айырған соңғы қоңырау…
Мектепке сені көру үшін келуші ем,
Жаныңа сенің үнсіз ғана еруші ем,
Соңғы қоңырау соққанынша сүйем деп,
Айтам деуші ем, айтам деуші ем…
Айта алмай сөзді сол он бір жыл сақтаған,
Атыңды сенің алфавиттен жаттаған,
Қабырғасына қашап жазып мектептің,
Кетіп барам…
Ақыл тоқтатып , таңдарым атып ,кезіміз ес кірген,
Қарнымыз ашып сабақтан қашып баламыз есірген,
Өлең жол жазып , хаттарды тасып қарамай мезгілге,
Екеуміз емес, жай естеліктер екенғой ескірген
Билейік соңғы вальс, көлдегі Аққудай майысып,
Қоштасып ал жаным,
Күні ертең білмейсің кетеді кім қалай?
Алдыда жол талай , жаяулап, жорғалай,
Ересек өмірде кім біледі кездесіп қалармыз біз талай….