Текст песни
Бір өзіңдей Ана
Осынау жалғанда,
Қызғыштай қорғайтын
Жанашыр жан барма?!
Қасиетім ана-ана
Бас иетін ана-ғана,
Өсиетін ақылымен
Сіңірген санама ана..
Ана ,ана
Айналайын ау дегенің ұнайтын
Ана ,ана
Үш ақ әріп бірақ ғаламды құрайтын
Ана
Амандығымды сұрайтын ана ана…
Бұлағым бастауым
Жұмағым асқарым,
Алғашқы әнімді
Өзіңмен бастадым.
Қасиетім ана-ана
Бас иетін ана-ғана,
Өсиетін ақылымен
Сіңірген санама ана..