Текст песни
Сағыныштан жүрегім қысылады.
Неге мені өмір сонша алдады
Неге мен махаббатқа лайық болмадым.
Үнсіздікте жанып жылап шаршады
Тағдырға көніп жүрмін
Ертенгі күнім ушін
Сенемін мен бақытқа
Қараймын тек аспанға
Оралшы маған махаббатым арманым.
Ерекше күндер сен маған бұрын сыйладын.
Сиқырлы әлемде жоғалдым қайдамын,
Күндіз түні өзіне бір әуен арнадым.
Бір сәтке болсада маған қарашы.
Қателерімді сен ұмыта салшы.
Күздегі жапырақтар мен боламын,
сарғайып жерге түстім мен құладым.
Енді көктем оралды, жапырақтар жаңарды,
неге біз өзгелердей қайта жаңдана алмадық.
Сабыр етер жүрегім
Тас сезімге үйреніп
пәк сезімге жетермін)
ашық аспанымда