Текст песни
Жолықтырғаннан сені бақытыма балап
Сәт сайын көрмесем таусылардай тағат
Өзіңе жаным ау әрең жеткенімде
Жетпейді маған уақыт секунд сағат
Сені сүйдім бір жүрек бір өмірмен
Сен болмасаң қалай өмір сүремін мен
Мені таңдаған айналдым жүрегіңнен
Жүрегіңнен сенің
Жаныма жаным сені алдым керек қылып
Сәт сайын сүйем деп сезімге себеп қылып
Өзіңе жаным ау қояр бір талабым
Жүрекпен бірге соқшы көмек қылып