Текст песни
Аққу қайтып барады мекеніне
Сағынышын іліп ап жетегіне
Көлде ұшқан көңілді күндерімен
Қоштасады қиқулап кетерінде
Аққу боп арман
Өрнегін салған
Өтпелі жалған
Артыңда қалған
Шығарыпсап қаз-үйрек қаңқылдайды
Өкпе назы мұндайда айтылмайды
Аққу кетті сән кетті көл бетінен
Баяғыдай ән мен күй тартылмайды.