Перейти к содержимому
Обложка трека Тыңдарманыма — Роза Рымбаева
3:38

Трек

Роза Рымбаева Тыңдарманыма

Альбом · Сенемін Мен · 2022 · Поп

Скачать

Текст песни

Кең далам!
Толған айым, толғайын
Домбырам!
Қолға алайын, жырлайын
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай
Айналдым сені-ай, атамекен-ай!
Теңіздей!
Тебірендім, тербедің
Сапарда!
Сағынышым сен менің
Дүние-ай сырларындай
Мөлдіреп тұнғанындай
Сағындым сені-ай, атамекен-ай!

Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде
Кімдер өтті
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!

Ғажап-ау!
Атамекен ғаламат
Бір саған!
Тағдырымыз аманат
Қымбатты – даламыздай
Сымбатты – анамыздай
Айналдым сені-ай, атамекен-ай!
Жүрегім жанымыздай
Айналдым сені-ай, атамекен-ай!

Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде
Кімдер өтті
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!

0:00 0:00