Текст песни
Ту тіккен Тобықтының қол басшысы —
Тоқтамыс Жуантаяқ дейтін кісі
Жақыны Жамағайын сол кісінің,
Бар екен Кебек деген бір інісі.
Қайырмасы
СОл Кебек батыр болған жас басынан
Тоқан да тастамайды өз қасынан.
Жасы жас болса дағы жаны отты деп,
Сыйлапты Артық кӛріп жолдасынан.
Кебектің 15жаста аты шықты
Бәріне атты жаяу бірдей мықты
Сөз өткір қара торы жігіт екен
Дем белше орта бойлы кең ыйықты