Текст песни
Толқыдым, тербелдім, бүршік аттым балаңдай
Алматым, мен келдім, құшақ жайдың анамдай
Үзбедім үміт, іздедім бақыт
Алматым сенен табардай.
Жастығым жарасып, болдым риза (ырза) жалғанға
Жеткіздің жол ашып, Алатауым арманға
Асқар тау өзің, сүйеніш сенсің
Қанатым қайта талғанда.
Алматым-ай
Пейіш, жұмақтай, жәннатым-ай
Самғап ұшырған қанатым-ай, қиялым
Бақытың, маңдайға сия ма-ай
Алматым-ай
Пейіш, жұмақтай, жәннатым-ай
Самғап ұшырған қанатым-ай, қиялым
Бақытың, маңдайға сия ма-ай
Жасай бер, Алматылық зиялым-ай!
Алматым елдігім, Алатаудай мерейің
Жайнай бер сен бүгін, бақытыңды көрейін.
Қазақтың халқын арманға жеткіз
Алматым саған не дейін
Алматым-ай
Пейіш, жұмақтай, жәннатым-ай
Самғап ұшырған қанатым-ай, қиялым
Бақытың, маңдайға сия ма-ай
Алматым-ай
Пейіш, жұмақтай, жәннатым-ай
Самғап ұшырған қанатым-ай, қиялым
Бақытың, маңдайға сия ма-ай
Жасай бер, Алматылық зиялым-ай!