Текст песни
Көнбедің сағыңнан тартып алса да
Өртеніп бағыңнан қалып жатсаң да
Қу тірліктің барлығынан да не пайда?
Ерік-жігерің бойыңда болып батылдығың сенің барда
Айтқаның аузыңнан бекер шықпайды
От болған жүрек қайтып кеп тоңбайды
Мұз басып сөндіргеннен де не пайда?
Ерік жігерің сенің бойыңда
Темір қазық аспанда темірін қазып,
Өз міндетін атқарып жүргені де белгілі
Жеті қарақшының бикештері болса,
Не қыларын білмей жүргені де белгілі ме, белгісіз бе?!
Бірақ сенің өмірің қазір жер үстінде
Атқаратын парыз, міндеттерің есіңде
Бойыңдағы күш жігерді салып қолыңа
Ертеңі де келмейді бүгін боп немесе керісінше
Көнбедің сағыңнан тартып алса да
Өртеніп бағыңнан қалып жатсаң да
Қу тірліктің барлығынан да не пайда?
Ерік-жігерің бойыңда болып батылдығың сенің барда
Айтқаның аузыңнан бекер шықпайды
От болған жүрек қайтып кеп тоңбайды
Мұз басып сөндіргеннен де не пайда?
Ерік жігерің сенің бойыңда
Өмір аспан асты қиындыққа табындырып қоюуы мүкмкін екені де белгілі
Сол қиындықтарды өзіңе сен бағындырып алу-алмауың шын белгілі ме, әлде белгісіз
Барыңды алдаса да, жаныңды арбаса да
Берілме саған керегі тек өз күшіңе сенгенің
Жаныңды қинаймын деп, салып отқа тұрса да
Ерік жігерің бойыңда болып, батылдығың сенің барда...
Көнбедің сағыңнан тартып алса да
Өртеніп бағыңнан қалып жатсаң да
Қу тірліктің барлығынан да не пайда?
Ерік-жігерің бойыңда болып батылдығың сенің барда
Айтқаның аузыңнан бекер шықпайды
От болған жүрек қайтып кеп тоңбайды
Мұз басып сөндіргеннен де не пайда?
Ерік жігерің сенің бойыңда