Перейти к содержимому
Обложка трека Айнам сенсің — ДУЭТ ӘУЕН
3:24

Трек

ДУЭТ ӘУЕН Айнам сенсің

Сингл · 2025 · Танцевальная, Диско

Скачать

Текст песни

Өзіңсің жаным жүректің әні,
Ғашық боп қалды жігіттің бәрі.
Қарақат көзің, еріткен сезім,
Ерінің шоқтай бүлдірген дәмі.

Өзіңсің жаным жүректің әні,
Өзіңде екен қылықтың бәрі.
Нәп-нәзік белің бұралған сенің,
Билеші тағы, билеші тағы.



Ооооо, айнам сенсің әп-әдемі, ұнап қалған,
Күлкің сенің тәтті-ақ еді, шуақ тамған.
Жүрегім сүйіп қалып жаным солай, гүл ап барғам.

Өзіңсің жаным - махаббат әнім,
Өртейді мені сендегі жалын.
Ғашық қып кеттің, тулайды жүрек,
Сезіндім жаным, сезімнің дәмін.

Қадайсың көзді, қарайсың күліп,
Байладың мені кетпестей қылып.
Қолымнан ұста, әңгіме қысқа,
Арманыңдағы кездестім жігіт.



Ооооо, айнам сенсің әп-әдемі, ұнап қалған,
Күлкің сенің тәтті-ақ еді, шуақ тамған.
Жүрегім сүйіп қалып жаным солай, гүл ап барғам.
Жүрегім сүйіп қалып жаным солай, гүл ап барғам.

0:00 0:00