Текст песни
Күндерім, түндерім үнсіз ой ғана
Жап-жарық бұл қала - маған айдала
Ооо Жаратқаным
Саған сыр ашамын
Адамның бәріне өзің пана
Жан-жағым шешілмес бетперде
Құласам қолдай ма, сөкпей ме?
Қатыгез жүрекке мейірім берші
Жан-жағым шешілмес бетперде
Жолымнан адасып кеткенде
Қолымды жаямын белгі бер
Өмір қатал еді
Недеген сондай?
Өзімді жеп едім
Көңілім толмай.
Жылап тұрсам да мен
Бақытты сомдайм
Неге олай? Неге олай?
Білмеймін.
Жан-жағым шешілмес бетперде
Құласам қолдай ма, сөкпей ме?
Қатыгез жүрекке мейірім берші
Жан-жағым шешілмес бетперде
Жолымнан адасып кеткенде
Қолымды жаямын белгі бер