Перейти к содержимому
Обложка трека Заман-ай — Роза Рымбаева
4:40

Трек

Роза Рымбаева Заман-ай

Сингл · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы
Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?
Мейірімге зарықтырған заман-ай
Заман-ай, заман-ай
Туған жердің лайланды-ау тұнығы
Қайран елім, қайран жерім қор болған
Жомарттығы сор болған-ай
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай
Неге біздер у ішеміз суаттан
Неге біздер ажыраймыз тұяқтан?
Туған жерді тоздырғанша, заман-ай
Заман-ай, заман-ай
Неге жерге кірмейміз біз ұяттан?
Қайран елім, қайран жерім қор болған
Жомарттығы сор болған-ай
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай
Қираттық та ата-баба мазарын
Қасіреттің тарттық енді азабын
Қоң етіңді ойып берген, заман-ай
Заман-ай, заман-ай
Көсілетін көрпең қайда, қазағым?
Қайран елім, қайран жерім қор болған
Жомарттығы сор болған-ай
Жарылыстан көз ашпаған далам-ай

0:00 0:00