Обложка трека Sormandai — Turar, Gazizkhan Shekerbek
3:41

Turar, Gazizkhan Shekerbek Sormandai

Сингл · 2026

Скачать

Текст песни

Тіресіп әлсізбен де мықтымен де,
Шыға алдым орға түссем ытқып өрге.
Аңсайды бір жұмақты елдің бәрі,
Көрмеген, оны ешкім, тіпті мен де.
Жетпейтін жалыққанда үнемдіктен,
Әр таңнан несібемді түгел күткем.
Қайтарған қорқақтығым кері мені,
Батырлығым апарған мың ерліктен.
Ей сормаңдай
Алдыңда күтеді жол қандай?
Ешкімге ешқашан алданбай
Тимейді тасқа басың!
Ей сормаңдай
Ойларым от тиген ормандай
Бақытты сәттерді аңғармай
Жалаңаш қалсаң да жалғанда-ай
Арманың тастамасын!
От болып Мейлі, әр түн жансын денем,
Әр кеуде Қалағанын алсын менен
Бір ауыз сөз айта алмай сүйгеніме
Серілігім адыра қалсын дегем.
Жабығып жаным тағат табар емес,
Тағы кеп Есігімді қағар елес.
Жүрегі бар жандардың бәрі ғашық,
Алайда, маған емес, маған емес!

0:00 0:00