Текст песни
Күндіз түні шықпастай боп жүр есімде,
Жымыңдаған екі көзі жұлдыз ба?
Мен ғашықпын қарындасым білесің бе?
Періштеден айнымайтын бір қызға.
Ағатайым емеспе бұл желігіңіз,
Алдыменен мінезіне қарайлаңыз.
Періште деп жүрген кезде керіміңіз,
Пері болып шықпасыншы абайлаңыз.
Қарындасым мен үшін қорықпа
Көңіліңе күдігің толыпта
Сезінемін ол қызды жарқыным
Бақытым деп жолыққан
Бір көргеннен жоғары бағалай
Жан дүниесін алмастан аралай
Бармағыңды тістеп қап жүрмеші
Аңғал менің ағам-ай
Сезіп жүрмін оны көрмей тынбасымды,
Сезім маған шапағатын шашып жетті.
Сұлулығы айналдырды бұл басымды,
Эх қысқасы бір көргеннен басым кетті.
Ал жарайды күндей әсем жүз болсыншы,
Өзің айтқан сұлу әрі керім болар.
Ең бастысы ақылы бар қыз болсыншы,
Әкеміз бен анамызға келін болар.
Қарындасым жайнаған қыр гүлім,
Ағатайым серісің дүлдүлім.
Бір құрсақтан шыққандар біздердей,
Уайымдасын бір-бірін.