Текст песни
Есімде қоңыр көзі
Есінде ме екем өзі
Есімде сол бір күндер
Есімде соңғы сөзі
Сол көздерді енді көрмейді екем
Кеткен-ау мені ұмытып мүлдем
Өшкендей біздің жалын түнде
Өшті-ау деймін үмітім неге
Естеліктерім
Тартады кері
Қуады мені
Сағындым сені
Естеліктерім
Тартады кері
Қуады мені
Сағындым сені
Сенсіз де әр күн таң атар
Күлкі оралар езуге
Басқа жан мені қаратар
Қайта үйретер сезуге
Жақсы күндер де оралар
Жарық бойлар деймін сананы
Келіп қалмашы жаныма
Қайта ашып ескі жараны
Келсең егер де анығы
Қол сілтеймін мен әрине
Ауруым болдың менің
Сен болдың мендік дәрігер
Естеліктерім
Тартады кері
Қуады мені
Сағындым сені
Естеліктерім мені
Тартады кері желім
Соғады жүрек келіп
Ала кет мені