Текст песни
1)Көргенде сені жүзіңнен арай тараған,
Сол кезден бастап бағыма сәулем балағам.
Ұялып менен жасырған қара көздерің,
Ойымнан шықпай, ұйқымды менің ұрлаған.
Оооооооо Қолыңды берші бақытқа бірге жетейік,
Оооооооо бақытқа бірге жетейік.
2)Өзіңді күтет некелі аппақ көйлегің,
Жаным-ау өзің сүйкімді тәтті сүйгенім.
Келешегіме айналшы жаным аяулым,
Қуанып қалсын әкеммен анам үйдегім.
Ооооооо орамал тартқан аппағым айдай сұлуым,
Ооооооо аппағым айдай сұлуым.
3)Жайнасын жаным менімен айнам тұрмысың,
Қылайын сая өзіңдей қыздың күлкісін.
Шаңырақ құрып, болайық біздер бақытты
Ауылға кеттік боласың үйде жұлдызым.
Ооооооо бақытым менің боласың үйде жұлдызым,
Ооооооо боласың үйде жұлдызым.