Текст песни
Өтінемін
Өкінгенмен жоқ пайда
Мазалама
Уақыт бізге тоқтайма
Өз жолыңнан адаспа
Гүл сыйлады жан басқа
Біз бақытты жоғалтқанбыз о баста
Айлы түнде адастырып
Жүрегіме қанжар сұғып
Қалдырғаның күліп тұрып
Жылағаным есімде
Жұбатпадың несіне?
Кінәм сені құлай сүйгенім
Білесіңбе?
Еркелетіп
Ессіз сүйем деуші едің
Ғашық едім
Әр сөзіңе сенетін
Міне бәрі өзгерді
Қоштасатын кез келді
Махабаттың соңғы шоғы сөнді енді