Текст песни
Лүпілдеген тамырындай шекенiң
Жеке сағат, Жеке тәулік, Жеке күн
Түсiнiп те үлгермеймiз, Байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін
Бiр құдiрет бiздi өмірге жолдайды
Бiз өмiрдi түсiнбеймiз сол қайғы
Туа сала таудай бақыт күтеміз
Ал шынында бақыт үлкен болмайды
Құс сияқты сезiнбейтiн қанатын
Бақыт - сәби бiлмейтұғын әлі атын
Бақыт деген - ғажайып бiр дәм ғана
Сүйгеннен соң дәмі ерiнiңде қалатын