Текст песни
Тыңда жүрегіңмен, серме білегіңмен
Сенбе өзгеге тек, жалғыз өзіңе сен
Бағыт жоқ деме, себеп емес
Түнекке түсу, керек емес
Тәніңе алған жарақатың
Жүрек дертінен, терең емес
Өтер уақыт елес, сылтау себеп егес
Мыңдаған сын саған кедергі емес
Өтер уақыт елес, сылтау себеп егес
Мыңдаған сын саған кедергі емес
Мыңдаған сындар, саған кедергі емес
Жарыққа шығар жолды көрсең
Өр намысыңды берме сен
Өмір оғын атса да қасқыр бол
Тағдыр тазы шалса да өлме сен
Аяқ қақпанға түсіп қалса да
Кеміріп, дегеніне көнбе сен
Жалғыз даланы кезетін сен бөрі бол
Бағынбай өтетін бұл өмір жол
Бағынбай
Бағынбай
Бағынбай
Бағынбай
Бағынбай
Бағынбай өтер
Бұл өмір жол
Бағынбай өтер
Бұл өмір жол