Текст песни
Сәлем әлем, шексіз әлем
Біздің пана - үйіміз
Аяусыздан сені әбден,
Қорлап ғана келеміз.
Адамзаттың қолы былғанған, қап - қара
Адамзаттың миы уланған, жоқ сана
Тұрғым келед(і) қиялымда
Зұлым жоқ жерде
Болғым келед(і) өз өзіммен
Тұнық әлемде.
Көз алдымда сұрғылт әлем
Тозып әбден ескірген
Жан түршігер келбетімен
Сұрайтындай бір жәрдем
Дамығанмен ілім, адамзат тозуда
Дамығанмен ғылым, тіршілік құруда
Қош бол әлем, мәңгі емес,
Шектеулі екен ғұмырың...