Текст песни
Талай күндер қалд(ы) артта
Армандадық болашақты
Жаңа өмір дәм беріп
Берекеге есік ашты
Махаббатты қадірлейміз
Біліп,көріп,аяладық біз
Жанұя боп жарастық
Қиындықтан аянбадық
Шын ғашық жүрегіміз
Асулардан қорықпады
Бақыт толы үйіміз
Мәңгі болсын махаббатымыз
Сүйем сені
жүрегімнің Өзің болдың теңі
Сенсің кең үйімнің берекесі
Өмірімдегі
Сүйем сені
Жалындаган махаббатым менiн
Тек бір өзің – жүрек мәңгі емі
Өмірімдегі
Сынақтарға мен сынбай
Барлығына дайын болдым
Адал жолмен бір басып
Сен өмірлік жарым болдың
Сен үйімнің жарығы
Жүрегімнің жалғыз бөлігі
Өмірлік жар жұлдызым
Сен бақытқа себеп болдың
Көбейсін деп қазағым
Мені ұлды,қызды [қ]ғылдың
Қол ұстасқан жас жұбайлар
Ләйім біздей болсын бақытты