Обложка трека Ақшақар Ару — DAIANA DOSQANA
3:41

DAIANA DOSQANA Ақшақар Ару

Сингл · 2023

Скачать

Текст песни

Ақ түске бояп қыр шыңын
Тарқатар тірлік тылсымын
Арудай аппақ ақшақар
Тазартып көңіл кіршігін
Бақытқа толы бақ қандай,
Ақ шымылдары жапқандай
Құлпыра түскен қос қайын,
Сыңырын жаңа тапқандай
Тұрарсың қалай шаттанбай
Күн түссе көзге шағылып
Аққулар көлін сағынып
Ұйқыға кеткен Жер-Ана
Ақ ұлпа көрпе жамылып
Ақтолқын көшіп жатқандай
Белдерің мынау ақмаңдай
Шымшылдап бетті шағады
Қызардып бірақ дақ қалмай
Аязың мүлде мақпалдай
Ауаға қарқып көктерің
Шуағын төгіп көкте күн
Арманмен жүріп сезбейсің
Қыстың да ертең өткенін
Бақытқа толы бақ қандай
Әлдилеп әуен жатқандай
Сылдырап кейде мұздарың
Сұлу қыз шолпы таққандай
Япырау сұлу шақ қандай.
Бақытқа толы бақ қандай,
Тұрарсың қалай шаттанбай
Қызардып бірақ дақ қалмай
Аязың мүлде мақпалдай
Сұлу қыз шолпы таққандай
Япырай сұлу шақ қандай.

0:00 0:00