Текст песни
Шынымен де маңдайыма сол ма жазғаны?
Махаббаттан қорқып қалған жүректі қозғады.
Жаңа өмір енді басталды
Өзімнен де бөлек басқаны
Алғашқы рет жүрек ойлай бастады
Қанша жұптар әлемде
Қосыла алмай жүргенде
Мен сенімен соңына барам
Қабыл болған тілегім
Қасымдасың білемін
Жүрегіме жазылған адам
Бұл екі қолымның шаңы
Біздегі бақыттың қамы
Шын ғашық жандар қосылмайды
деген кімнің заңы?
Сен мендік өмірдің мәні
Секілді тамырдың қаны
Бар болсаң бақытты болуды үйретемін әлі
Енді тек саған ғана арналады әр әнім
Күлімдеп жүру үшін жасаймын бар амалын
Әркімнің бұл өмірде табылады өз теңі
Әркімнің маңдайында бар өзінің адамы.