Текст песни
Қиялымнан шыққан ойым – бәрі тек сенде
Жүрегіме сезім гүлін ексең де
Қандай жақын екеніңді білмейсің
Сені сүйе берем, дуаланған десе де
Сен түгілі, басқаларға қарамайм
Сені ойлап жүрегімді жаралайм
1 мен 10-ның арасына сыймайсың
Ал мен сені, жаным, мыңға дейін бағалайм
Мейлі, бәрін керек етпе
Қалдырмаймын кейде шетте
Салдырмаймын қайғы-мұңға
Солдырмай гүлімді текке
Жүрісіңді, жаным, сен ретте
Тынысымды тарылтып кетпе
Сыбағамды Тәңірім береді
Еңбегімнің жемісі тек әрекетте
Екеумізден басқа лайық жан жоқ маған, саған жар
Шын ғашықтар мәңгі қосылмайды – дейді адамдар
Мен бұл романыңнан шеттетіліп қалғым келмейді
Жүрегіңде мәңгі тұрақтайтын соңғы ғаламшарым
Ғаламшарым
Ғаламшарым
Жо-о-оқ!
Ол шыққанда күлімдейді көк аспан
Сұлулыққа әрбір адам таласқан
Ұзын шашы, оның көзі, қыпша белі
Талшыбықтай оның бойы
Бәрі-бәрі жарасқан
Ғашық…
Менің кеудем саған ашық
Үй жағыңа келіп тұрмын, жаным, далаға шық
Жүрейікші серуендеп бірге қол ұстасып
Ыстығымыз тасып
Сағынышты басып
Тура жолым – өзің болдың
Жүргенде адасып
Талабымнан жаңылмайтын
Жамандықтан қашып
Ұрыса бермей, тұрайықшы кейде татуласып
Алға газды басып
Алға газды басып!
Екеумізден басқа лайық жан жоқ маған, саған жар
Шын ғашықтар мәңгі қосылмайды – дейді адамдар
Мен бұл романыңнан шеттетіліп қалғым келмейді
Жүрегіңде мәңгі тұрақтайтын соңғы ғаламшарым
Ғаламшарым
Ғаламшарым
Комментировать