Текст песни
Достарым менің, бастадым мен бір
Өздеріңе арнап әсем әнімді мөлдір
Шаттана күлем,мақтанамын мен
Жан сарайды жылытатын достарымменен
Сұратпайтын да, құлатпайтын да
Сендерсіңдер ей, достарым, мұңайтпайтын да
Асыл достарым, адал достарым
Дәл сендердей ұға алады мені басқа кім
Ай,ай, ай, ай, ай достар ай
Бәрін де тағдыр қосқан ай
Аман болыңдар , достарым
Өмірде мынау қас қағым
Әнімді бастар, Көңлімді қоштар
Өздеріңді сағындым ғой
Қайдасың, достар
Аппақ таңдарым, Мейірбандарым
Ән салайық, би билейік
Асыл жандарым
Қайнаған өмір, Жайнаған көңіл
Берік болсын достығымыз
Болаттай темір
Аңсап құшатын, Сағынысатын
Көріспесек көңіліміз
Алып ұшатын