Текст песни
Осал жігіт емес ем дәріге зәру
Мүмкін емес алайда бәріне жағу
Бір күн іздеп барып ем тәніме дәру
Ұнап қалды сүйкі мді дәрігер ару
Жас жүрегім сонымен бақ табатындай
Тым болмаса қалмаппын жаттап атында ай
Аппақ жүзі албырап, әдемі екен
Үстіндегі анау бір ақ халатындай
Дәрігер қыз болсаңшы сүйгенім дара.
Әбігерміз түстік қой күйге мұңдана
Еш бір дәрі жаныма көмектеспейді
Бұл дертімнің дауасы үйлену ғана
Дауасы бар қолының епті қызбедің
Нанасың ба , мен сені көп күн іздедім
Тән жарасын дәрімен емдеп бердің де
Жүрегімді жаралап кеттіңіз менің
Аянышпен қарайсың қамығып маған
Ал мен болсам өзіңді сағынып барам
Білмедің бе жүзіңді бір көру үшін...
Күнде күнде өтірік ауырып қалам