Текст песни
Санамда түрлі ойлар бар шимай-шимай
Қиял мен арман кетеді кейде сыймай
Билеймін жалғыздан жалғыз анда-санда
Айтшы маған көзқарасың қандай сонда
сондаймын қабылда солай
Мен қандаймын қабылда солай
Жасанды қылық жасанды күлкі
Жасай алмаймын түсін мені
Өмірді сүйем, өнерді сүйем
Басқаша қалай түсіндірем
Достасқан еркіндікпенен бойым, ойым
Өмір деген мен үшін бұл бір ойын
Кей -кейде жазамын шатпақ парақ-парақ
Өмірдің сан қилы сәтін санап-санап