Текст песни
Менің қабырғамнан жаратылғаным,
Мен үшін ғана туғаным сен.
Ұшып кел қағып құстай қанатыңды,
Маған күтіп алам жылдам.
Ай мен үшін жаратылғаным,
Басқалардан дара туғаным сен.
Ұнатамын осы қалыпыңмен сені,
Өзгерме енді.
Екеуміз жүріп өткен көшелер,
Айтшы бізге төселген жолдар.
Кімге төселеді енді?
Еріндерің кеседен басқа жерге тимеген,
Аппақ келін боласың үйге енді.
Қош келдің ғашық жанның әлеміне,
Уайымдама салмаймын әлегіме.
Бірге болсақ жарамыз жартасты да,
Кетпе менен мәңгіге қал қасымда.