Текст песни
Сайра, сайра, сайра бұлбұлым менің
Жүрегімнің гүл бағына келіп-ей
Ән салады, көңілім барады еріп
Сайрашы, сайрай бер бұлбұлым менің
Атады тағдыр алдайтын оқпен
Бұл өмірде оңай тірлік жоқ деп
Әдемі әңгімелерге тоқпыз
Неге бәрі лайға толы деп тауысылды оттегі
Соқыр көздер, тек куәгер
Тоқтама бұлбұлым, әніңді сала бер
Жарқырайды, жарқырайды
Төгеді сәулесін, жұлдызың жолыңды көрсетумен ұяңа
Десе бұлбұл бақшадан
Жүрекке болсын деп дауа
Қамықпа, сұлу қалқажан
Бақытың әлі алдында
А-а-а-а-а-а-а-а
Деп сайрайды ол маған
Сайра, сайра, сайра бұлбұлым менің
Жүрегімнің гүл бағына келіп-ей
Ән салады, көңілім барады еріп
Сайрашы, сайрай бер бұлбұлым менің
Секілді не бар тәтті бұл әлемде
Қиялға бөлейтін асыл сезімнен
Мұңайма сұлу, бақытың алдыңда
Десе бұлбұл бақшадан
Жүрекке болсын деп дауа
Қамықпа, сұлу қалқажан
Бақытың әлі алдында
А-а-а-а-а-а-а-а
Деп сайрайды ол маған