Текст песни
Сен сондай сері жігіт әп әдемі
Көңілің ақ ұлпадай әппәқ еді
Өзіңді жүрек іздеп тапқан еді
Өзіңе үлкен сенім артқан едім
Мен сені бәрінеде мақтап едім
Жүректе әр сөзіңді сақтап едім
Сезімнің отын қайта жаққан едің
Сен енді үмітімді ақта менің
Мен сені сүйемін деп сүйемін деп айтқан едім
Сенімімді сенімімді ақтап менің
Махаббатты саған деген сақта менің
Сен маған күнде күнде гүл берем деп айтқан едің
Мың сұлудың арасын тапқан едің
Енді жаным үмітімді ақта менің
Келеміз қол ұстасып бақта жаным
Сырымды жүрегіңде сақта жаным
Мен саған үміт артам бақытым деп
Сезімді сала көрме отқа жаным
Айналдың мәнісіне өмірімнің
Гүл еттің әр бұрышын көңілімнің
Өзіңмен ең бақытты күндер кешем
Себебі саған деген сенімім мың
Мен сені сүйемін деп сүйемін деп айтқан едім
Сенімімді сенімімді ақтап менің
Махаббатты саған деген сақта менің
Сен маған күнде күнде гүл берем деп айтқан едің
Мың сұлудың арасын тапқан едің
Енді жаным үмітімді ақта менің