Текст песни
Аяла сағынышымдай боп,
Өзің аңсар әнім.
Көріскенше, жаным,
Жүрегімде жалын-ай!
Аяла қуанышымдай боп,
Мәңгі аңсағаным.
Өзің таң самалым,
Сен деп ән саламын-ай!
Қайырмасы:
Ахау, күлімдеген таңдар-ай!
Ахау, жүрілмеген жолдар-ай!
Өмір өшпес сағыныш,
Көңіл деген әрқалай,
Армандар-ай, армандар!
Мәңгілік махаббатымдай боп,
Жеткіз алыстардан,
Жауындардан қалмай,
Дауылдардан қорғап-ай!
Қайырмасы.
Ахау, күлімдеген таңдар-ай!
Ахау, жүрілмеген жолдар-ай!
Таң күліп, бата алатындай боп,
Бұзылмасын тойлар,
Сызылмасын ойлар,
Үзілмейтін арман-ай!