Текст песни
Жан едің ардақты,
Сені жұрт қолдапты.
Ұмытпай сенер елі,
Өмірің өнегелі,
Әке, Әке.
Ойларың өрісті,
Жолдарың жемісті.
Өзіңмен әсем жер өсті,
Әке, Әке.
Қайырмасы (2 рет)
Осынау өлкең,
Болсын деп көркем.
Қадамың алыптай,
Елің жүр ұмытпай,
Әке, Әке.
Сен сүйдің халқыңды,
Ел білді нарқыңды.
Жан едің жаны дархан,
Бәрі де сенің арқаң,
Әке, Әке.
Жаманнан сақтандық,
Ұрпағың мақтан ғып.
Жүреді әркез өзіңді,
Әке, Әке.
Қайырмасы (2 рет)