Текст песни
Көңіл бейне бала,
Салған сайран-ай, ахау!
Өтер үнсіз ғана,
Күндер қайран-ай,
Жай байқалмай!
Қайырмасы:
Сағым дүние, өмір жалған-ай!
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!
Жаның қандай айна,
Бейне көшкен-ай, ахау!
Алтын сәуле қайда
Соған түскен-ай!
Ей, арман-ай!
Қайырмасы.
Уақыт шіркін өтпей,
Тұр ғой асықпай, ахау!
Сүйгеніне жетпей
Қалған ғашықтай.
Ей, өмір-ай!
Қайырмасы.
Қанша жерде көңіл қалған-ай!
Айға шапқан асау арман-ай!
Ақыл ғана қорған болған-ай!